Тілдер

You are here

Жаңалықтар

09.09.2022
 

Осы күндері, 7–10 қыркүйек аралығында, Италияның Милан қаласында дерматология саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара — EADV-тің 31-ші Конгресі (31st EADV Congress: Designing the future of Dermatology and Venereology) өтуде.

Дерматология және венерология бойынша Еуропалық академияның жыл сайынғы Конгресі — дерматовенерология мен эстетикалық медицина саласының мамандарын біріктіретін бірегей платформа.

Ұзақ карантин және посткарантин кезеңдерінен кейін біз, Қазақстан Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының тұрақты серіктестерімен офлайн форматта қайта жүздесіп, тәжірибе және білім алмасуға, сонымен бірге жаңа бірлескен жобаларды жоспарлауға мүмкіндік алып отырмыз.

Карусельдегі фотосуреттерде Қазақстан Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, профессор Батпенова Г.Р.-мен бірге:

— Профессор Нелли Конников — дерматология профессоры, Бостон медициналық орталығы Дерматология бөлімінің жетекшісі, Бостон денсаулық сақтау жүйесінің теледерматология директоры, Халықаралық дерматология қоғамының (ISD) Бас хатшысы.

— Профессор Санан Каримов — медицина ғылымдарының докторы, Әзербайжан дәрігерлер біліктілігін арттыру мемлекеттік институтының дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, Әзербайжан дерматовенерологтар қауымдастығының президенті.

EADV — дерматология және венерология саласындағы медицина қызметкерлері мен сарапшылардың білімін кеңейтудің жетекші қауымдастығы. Біз осы үрдістің алдыңғы шебінде болғанымызға қуаныштымыз!

22.06.2022
 

2022 жылғы 16–18 маусымда күншуақты Грузия астанасы — Тбилиси қаласында Дерматология және эстетикалық медицина бойынша III Халықаралық Закавказье конгресі өтті.

Аталған іс-шара АҚШ, Еуропа, Орта Азия және Кавказ өңірінің дерматологтарын, онкологтарын және эстетистерін біріктірді.

Конгрессте елімізді Қазақстан Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, КеАҚ «МУА» дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Батпенова Г.Р. таныстырды.

Гульнар Рыскельдиевна-ның «Dermatosis in children» атты баяндамасында Қазақстан Республикасы аумағындағы балалар мен жасөспірімдер арасында созылмалы және жұқпалы дерматоздардың сырқаттанушылығының ағымдағы жағдайы туралы деректер ұсынылды; аурулардың қазіргі ағымы мен көрініс ерекшеліктері көрсетілді.

Дерматология әлеміндегі осындай маңызды іс-шараға шақыруы мен жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін профессор Лали Мекокишвили @mekokishvilil және оның командасына алғыс айтамыз.

Көп жылғы достығымыз үшін рахмет!

27.05.2022
 

2022 жылғы 26–27 мамырда Шымкент қаласында «Дерматовенерология және дерматокосметологияның жас ерекшелік аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар:

*Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығы;

*КеАҚ «Медицинский Университет Астана» дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы;

*ОҚО, Шымкент қ. Облыстық тері-венерологиялық диспансері.

Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті:

25 баяндама;

3 мастер-класс, соның ішінде екеуін шетелдік әріптестеріміз — проф. Нелли Конников және доктор Раймондс Карлс жүргізді;

Гендік-инженерлік биологиялық терапияны тағайындауға дейінгі диагностикалық мониторинг мәселелері бойынша қатысты мамандардың қатысуымен 2 панельдік пікірталас;

дәрігер-резиденттердің постерлік баяндамалар сессиясы.

 

Іс-шараға Қазақстан өңірлерінен 240 дерматовенеролог және дерматокосметолог қатысты.

20 фармацевтикалық компанияны тарта отырып, дәрілік және косметикалық құралдардың көрмесі өтті.

Біз барлық әріптестерімізге белсенді қатысқаны, шынайы қызығушылығы және алғыс пікірлері үшін алғыс айтамыз!

Офлайн іс-шаралар тәжірибесі біздің өмірімізге қайта оралады деп үміттенеміз және Біз білім мен тәжірибе алмасу үшін жиі кездесуге мүмкіндік аламыз!

15.05.2022
 

2022 жылғы 13–14 мамырда Алматы қаласында VI Еуразиялық ревматологтар конгресі өтті.

Іс-шараның мақсаты — терапевтік және хирургиялық бағыттарды қоса алғанда, иммунология, пульмонология, кардиология, дерматология, ортопедия, травматология және басқа да медициналық мамандықтарды интеграциялау.

Біздің қызмет пен мамандықты Қазақстан Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, м.ғ.д., профессор Батпенова Г.Р. таныстырды.

«Дәнекер тін ауруларының дерматологиялық көріністері» атты баяндамасында Гульнар Рыскельдиевна қызыл жегі мен склеродермияның қазіргі клиникалық бейнесінің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ жағдайларды диагностикалаудың жаңа әдістері жөнінде баяндады. Оның ішінде ауруларды дер кезінде дұрыс анықтауға көмектесетін дерматоскопиялық белгілер де айтылды.

Әртүрлі саланың мамандарының бір мәселе төңірегінде белсенді кооперациясы, ғылым мен практиканың интеграциясы және ауруларды ерте диагностикалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу — әр пациентке жекелей көмек көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Беттер

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?