Тілдер

You are here

Профессор Жумагуль Абишевна Оразымбетованы еске алу

 

Осы қайғылы сәтте қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының дәрігерлері профессор  Жумагуль Абишевна Оразымбетованың кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Профессор Оразымбетова Қазақстанның дерматовенерологиялық қоғамдастығында лайықты құрметке ие болды.  Жумагуль Абишевна Қазақстанның ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық институтын құрудың бастауында тұрып, өзінің кәсіби қызметін дерматовенерологияның өзекті мәселелерін зерттеуге арнады. Ол қажымас адал еңбектің және өз кәсібіне жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі болды.  Жумагуль Абишевна өз ісінің кәсіби маманы, бас әріппен жазылған дәрігер бола тұра, өмірінің соңғы минуттарына дейін емдік және ғылыми жұмыстармен айналысып, қызметте болды.

Жумагуль Абишевнаның ғалым, тамаша дәрігер және жанашыр адам ретіндегі жарқын жады оның оқушыларының, қызметкерлерінің, пациенттерінің және көптеген достарының жүрегінде мәңгі сақталады.

Қазақстандық дерматовенерологтар, дерматокосметологтар қауымдастығының президенті,

м.ғ.д., проф. Батпенова Г. Р.

Сіз дәрігер немесе медициналық қызметкерсіз бе?